MEDIAQOLDAU: ДЕЛИМСЯ ПОСЛЕДНИМИ МЕДИА-НОВОСТЯМИ
16 February, 2024 - 17:00
MEDIAQOLDAU: ДЕЛИМСЯ ПОСЛЕДНИМИ МЕДИА-НОВОСТЯМИ
Автор: Администратор
76

Что изменилось в законах?

• Срок исковой давности в один год по делам о защите чести, достоинства и деловой репутации может появится в Казахстане. Депутаты проголосовали за эту норму, обсуждая законопроект о масс-медиа. Это означает, что любые претензии к СМИ могут быть направлены только в течение одного года, что упрощает работу журналистов и уменьшает возможность длительного преследования. https://www.minber.kz/2024/02/mass-media-zangy-materialdyng-eskiru-merzimi-ush-zhyldan-bir-zhylga-qysqarady/

• В законопроект о масс-медиа вносят поправки касательно правил аккредитации иностранных СМИ. Теперь они не смогут получить аккредитацию, если министерство иностранных дел посчитает это «случаем угрозы национальной безопасности РК». Также планируется запретить журналистам иностранных СМИ работать без аккредитации. https://rus.azattyq.org/a/32792870.html

• Депутаты Мажилиса начали работу над изменением законодательства о доступе к информации и общественного участия. Самые обсуждаемые поправки – о доступе к информации лиц с инвалидностью, отнесении сведений к категории ограниченного распространения и полномочиях государственных органов.

https://t.me/lmc_kz/2958

• Правительство утвердило новые Правила отнесения сведений к служебной информации. Документ пополнился "перечнем служебных документов, подлежащих ограничению с пометкой «ДСП». И в этом перечне почти вся государственная информация, со сроками ее ограничения.

https://t.me/lmc_kz/2984

 

Что произошло?

• Суд апелляционной инстанции Шымкента признал журналистку Марину Низовкину виновной в клевете в отношении первого заместителя начальника департамента полиции Ермахана Абдраманова. Первую инстанцию полицейский проиграл, а во второй суд признал журналистку виновной несмотря на то, что экспертиза, назначенная по требованию полковника, подтвердила – клеветы нет. По сути, Марину осудили за критику работы полиции Шымкента и теперь она должна выплатить штраф в размере 180 МРП (572 000 тенге).

https://inbusiness.kz/ru/last/v-shymkente-zamnachalnika-dp-vyigral-sud-protiv-zhurnalista-atameken-business

• Прессу не пустили на суд над журналистом Думаном Мухаметкаримом, которого обвиняют в финансировании экстремизма и участии в запрещенной организации. Процесс проходит в закрытом режиме. https://vlast.kz/novosti/58891-sud-nad-zurnalistom-dumanom-muhammedkarimom-projdet-v-zakrytom-rezime.html

• В Алматы начался судебный процесс по делу о праве на собственное изображение в отношении редактора Kyn.kz Гульжанат Примбетовой. Истица - сотрудница Туркестанской областной офтальмологической больницы – обвиняет журналистку в том, что она использовала в материале видео пациента с ее изображением.

https://t.me/lmc_kz/2957

• Радио «Азаттык» подало иск в суд, в котором просит признать незаконным и отменить решение МИД Казахстана об отказе в выдаче и в пролонгировании аккредитаций сотрудникам медиа. Предварительное заседание назначено на 26 февраля. https://lmc.kz/ru/news/azattyk-podal-isk-k-mid-kazahstana-iz-za-otkaza-v-akkreditacii-zhurnalistam-izdaniya

• Сайт КазТАГ был заблокирован, на данный момент он открывается только с использованием VPN.

https://kaztag.kz/ru/news/sayt-kaztag-perestal-otkryvatsya-bez-vpn-cherez-mobilnyy-internet-v-kazakhstane

 

Консультации по правовым вопросам для представителей СМИ и блогеров. Для получения консультации вы можете написать на почту mediaqoldau@gmail.com или позвонить по номеру +7 7172 424 432 с 9.00 - 18.00.

 

Media Qoldau: соңғы медиа жаңалықтарымен бөлісеміз

Заңдарда не өзгерді?

• Қазақстанда ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау істері бойынша бір жылдық ескіру мерзімі белгіленуі мүмкін. Депутаттар БАҚ туралы заң жобасын талқылау барысында бұл нормаға дауыс берді. Демек, БАҚ-қа қатысты кез келген шағым бір жыл ішінде ғана түсірілуі мүмкін, бұл журналистердің жұмысын жеңілдетіп, ұзаққа созылатын қылмыстық қудалау мүмкіндігін азайтады.

https://www.minber.kz/2024/02/mass-media-zangy-materialdyng-eskiru-merzimi-ush-zhyldan-bir-zhylga-qysqarady/

• Масс-медиа туралы заң жобасына шетелдік БАҚ-ты аккредиттеу ережелеріне қатысты түзетулер енгізіледі. Енді Сыртқы істер министрлігі мұны «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай» деп есептесе, олар аккредитация ала алмайды. Сондай-ақ шетелдік БАҚ журналистеріне аккредитациясыз жұмыс істеуге тыйым салу жоспарланып отыр.

https://rus.azattyq.org/a/32792870.html

• Мәжіліс депутаттары ақпаратқа қол жеткізу және жұртшылықтың қатысуы мәселелері бойынша заңнаманы өзгерту жұмыстарын бастады. Ең көп талқыланған түзетулер - мүгедектігі бар жандардың ақпаратқа қол жеткізуі, ақпаратты шектеулі тарату және мемлекеттік органдардың өкілеттіктері санатына жатқызу.

https://t.me/lmc_kz/2958

• Үкімет Мәліметті қызметтік ақпаратқа жатқызудың жаңа ережесін бекітті. Құжат «ҚПҮ» белгісімен шектеуге жататын ресми құжаттар тізбесімен" толықтырылды. Бұл тізімге шектеу шарттарымен бірге барлық дерлік мемлекеттік ақпарат кіреді. https://t.me/lmc_kz/2984

 

Не болды?

• Шымкенттің апелляциялық соты журналист Марина Низовкинаны полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Әбдірамановқа жала жапты деп таныды. Полковник бірінші инстанцияда жеңіліп қалды, ал екінші сотта полковниктің өтініші бойынша тағайындалған сараптама жала жоқтығын растағанымен, журналист кінәлі деп танылды. Негізі Марина Шымкент полицейлерінің жұмысын сынағаны үшін істі болып, енді 180 АЕК (572 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі керек.

https://inbusiness.kz/ru/last/v-shymkente-zamnachalnika-dp-vyigral-sud-protiv-zhurnalista-atameken-business

• Экстремизмді қаржыландырды және тыйым салынған ұйымға қатысты деп айыпталған журналист Думан Мұхаметкәрімге қатысты сот отырысына баспасөз өкілдері жіберілмеді. Процесс жабық есік жағдайында өтті.

https://vlast.kz/novosti/58891-sud-nad-zurnalistom-dumanom-muhammedkarimom-projdet-v-zakrytom-rezime.html

• Алматыда Kyn.kz сайтының редакторы Гүлжанат Пірімбетоваға қатысты өз бейнесіне құқық бойынша сот отырысы басталды. Талапкер - Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының қызметкері журналист материалда өзі бейнеленген пациент видеосын пайдаланды деп айыптап отыр.

 https://t.me/lmc_kz/2957

• "Азаттық" радиосы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің БАҚ қызметкерлеріне аккредитация беруден және ұзартудан бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тану және күшін жоюды сұрап сотқа шағым түсірді. Алдын ала тыңдау 26 ақпанға белгіленген. https://lmc.kz/ru/news/azattyk-podal-isk-k-mid-kazahstana-iz-za-otkaza-v-akkreditacii-zhurnalistam-izdaniya

• ҚазТАГ сайты бұғатталды, қазір оны тек VPN арқылы ашуға болады. https://kaztag.kz/ru/news/sayt-kaztag-perestal-otkryvatsya-bez-vpn-cherez-mobilnyy-internet-v-kazakhstane

 

БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін құқықтық мәселелер бойынша кеңестер. Кеңес алу үшін mediaqoldau@gmail.com электронды поштасына немесе +7 7172 424 432 нөміріне сағат 9.00-ден - 18.00-ға дейін хабарласуға болады.