Правовой медиа-центр заявляет о беспрецедентном давлении на журналистов
Мы обращаем внимание на тревожные обстоятельства в казахстанской медиа-среде, которые серьезно влияют на свободу слова и формируют чувство страха и самоцензуры.
Вызывает серьёзные опасения задержание главного редактора КАЗТАГ Асета Матаева, который, по словам адвоката, подвергся групповому избиению. При этом полиция называет это бытовым конфликтом и не предоставляет четкую информацию. Учитывая уголовные дела, недавно заведенные против руководителей медиа, это с большой вероятностью может быть провокацией и попыткой давления на СМИ.
В день референдума журналистов «Радио Азаттык» Жолдаса Орисбай, Информбюро Айгерим Ескендир и Санию Тойкен задержали на главном входе избирательного участка, где должен был голосовать президент, и увезли в полицию. Через три часа журналистов отпустили, не предъявив обвинений и не дав чёткого объяснения причин задержания. Во время задержания у них были изъяты телефоны, из-за чего журналисты не могли связаться с редакцией и адвокатом.
Также зафиксированы факты, как другим журналистам мешали присутствовать на участках, не пускали на подсчет голосов, выводили из избирательных пунктов и препятствовали профессиональной деятельности.
Перед референдумом журналисты, активисты и блогеры столкнулись с беспрецедентной волной блокировок и удалением материалов из социальных сетей. Примечательно, что все публикации были связаны с критикой конституции, что может указывать на возможную причастность властей к этим случаям.
Редакции «Уральской недели», «Нашей газеты» и журналистка Азаттык Макпал Муканкызы были оштрафованы за опросы перед референдумом, которые прокуратура сочла опросами общественного мнения. Очевидно, что уличные интервью и вопросы аудитории в социальных сетях не могут быть опросами общественного мнения, поэтому это можно расценить как попытку властей уничтожить общественную дискуссию.
До сих пор под домашним арестом находятся главный редактор Orda.kz Гульнар Бажкенова и главный редактор КАЗТАГ Амир Касенов, которые обвиняются в распространении заведомо ложной информации. Отсутствие актуальной информации об их делах рождает страх, слухи и распространение дезинформации.
На фоне происходящего особенно тревожно выглядят поправки в законодательство о медиа, связанные с запретом пропаганды ЛГБТ и инициативы министерства культуры и информации по тотальному регулированию интернет-пространства.
Мы считаем происходящее очень тревожным сигналом, который звучит на фоне регулярных заявлений министра культуры и информации Аиды Балаевой и президента Касым-Жомарта Токаева о необходимости обеспечить права граждан на свободу слова и распространение информации, а также о демократизации законодательства с принятием новой Конституции. Мы считаем это недопустимым в демократическом обществе, которым декларирует себя Казахстан, и призываем тщательно разобраться в ситуации и прекратить преследования журналистов.
Құқықтық медиа орталығы журналистерге бұрын-соңды болмаған қысым жасалып жатқанын мәлімдейді
Біз Қазақстандағы медиа кеңістікте сөз бостандығына елеулі әсер етіп, қорқыныш пен өзін-өзі цензуралауды қалыптастыратын алаңдатарлық жағдайларға назар аударамыз.
ҚазТАГ бас редакторы Әсет Матаевтың ұсталуына қатысты жағдай үлкен алаңдаушылық туғызады. Адвокаттың айтуынша, оны топ болып соққыға жыққан. Алайда полиция бұл жағдайды тұрмыстық жанжал ретінде бағалап, нақты ақпарат бермей отыр. Соңғы уақытта медиа жетекшілеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерді ескерсек, бұл жағдай арандату және БАҚ-қа қысым көрсету әрекеті болуы мүмкін.
Референдум күні «Азаттық радиосының» журналисі Жолдас Өрісбай, Informburo тілшісі Әйгерім Ескендір және Сәния Тойкен президент дауыс беруге тиіс болған сайлау учаскесінің негізгі кіреберісінде ұсталып, полицияға жеткізілді. Үш сағаттан кейін журналистерге ешқандай айып тағылмай, ұсталу себептері нақты түсіндірілместен босатылды. Ұстау кезінде олардың телефондары тәркіленіп, редакциямен және адвокатпен байланысу мүмкіндігі шектелді.
Сонымен қатар, басқа журналистердің де сайлау учаскелеріне кіруіне кедергі келтірілгені, дауыс санау процесіне жіберілмегені, учаскелерден шығарылғаны және кәсіби қызметіне тосқауыл қойылғаны туралы деректер тіркелді.
Референдум алдында журналистер, белсенділер және блогерлер әлеуметтік желілерде бұрын-соңды болмаған бұғаттаулар мен материалдардың жойылуына тап болды. Назар аударарлығы — барлық жарияланымдардың Конституцияға қатысты сын пікірлермен байланысты болғаны. Бұл жағдайларға биліктің қатысы болуы мүмкін деген күдік тудырады.
«Уральская неделя» және «Наша газета» редакциялары, сондай-ақ «Азаттық» журналисі Мақпал Мұқанқызы референдум алдындағы сауалнамалар үшін айыппұлға тартылды. Прокуратура бұл материалдарды қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама деп бағалаған. Алайда көшедегі сұхбаттар мен әлеуметтік желілердегі аудиторияға қойылған сұрақтардың қоғамдық пікірге арналған сауалнама бола алмайтыны анық. Сондықтан бұл жағдайды биліктің қоғамдық пікірталасты жоюға бағытталған әрекеті ретінде бағалауға болады.
Қазіргі уақытта Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова мен ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов әлі де үйқамақта отыр. Оларға «жалған ақпарат таратты» деген айып тағылған. Істері туралы өзекті ақпараттың болмауы қорқынышқа, қауесеттердің таралуына және жалған ақпараттың көбеюіне себеп болып отыр.
Оқиғалар аясында ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты медиа туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер мен мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет кеңістігін толық реттеу жөніндегі бастамалары ерекше алаңдатады.
Болып жатқан жағдайлар мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз бостандығын қамтамасыз ету, ақпарат тарату құқығын қорғау және жаңа Конституция қабылдау арқылы заңнаманы демократияландыру қажеттігі туралы мәлімдемелері аясында ерекше алаңдатарлық сипатқа ие.
Біз бұл жағдайды өзін демократиялық мемлекет ретінде жариялайтын Қазақстан үшін жол берілмейтін құбылыс деп санаймыз және жағдайды жан-жақты тексеріп, журналистерді қудалауды тоқтатуға шақырамыз.