ТАНЫМДЫҚ ТУРДЫҢ 3- ШІ КҮНІ

Мамыр айының 31-ші жұлдызында құқықтық медиа орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында Тәжікстанның баспасөз қызметкерлері үшін  танымдық тур өтті. 3 — ші кезеңмен жалғасын тауып жатқан аталмыш кездесу Internews Kazakhstan қолдауымен жүзеге асуда. 
 
  Бүгінгі іс-шараның спикері MIOR жанындағы коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі  Махаббат Еспанова. 
 
Баяндамашы “ Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам өкілдерімен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы” тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. 
 
  Екінші спикеріміз — Елдос Жұмақсанов. Ол – 16 жылдық тәжірибесі бар судья, заң ғылымдарының кандидаты, Сот төрелігі академиясының доценті. Қатысушылармен бірден тіл табысқан баяндамашы азаматтық процестің қағидаттары, сот сатылары, қоғаммен және БАҚ-пен өзара байланыс тақырыптарын қозғады. 
 
  Қонақтарымыз талқылау арқауына айналған мәселені жан — жақты саралап, өздерінің ой — пікірлерін ортаға салды. Жүздесу барысында түрлі сауалдар қойылып, әсерлі әңгіме , сырлы сұхбатқа ұласты.
 
 
 
 
Акбота Казкенова
 
Поделиться:

Правовой медиа-центр

Казахстанская неправительственная организация, работающая в сфере масс-медиа, правовой защиты и обучения журналистов с 2003 года.

Правовой Медиа-центр © 2026. Все права защищены. Использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на lmc.kz