ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША СТУДЕНТ-ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕДИАТУР

Құқықтық медиа орталық құқық бойынша студент-журналистерге арналған медиатур ұйымдастырады!

Егер сіз журналистика факультетінде оқитын болсаңыз, медиа заңнамаға қызығушылығыңыз болса, ақпараттық құқықты оқуды жоспарласаңыз, онда бұл курс — сіз үшін!

Тур аясында халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен бірқатар лекциялар мен практикалық сабақтар ұйымдастырылады.

Біздің курс аясында жеке жобаңызға шағын грант ұтып алуға мүмкіндік бар! Шағын гранттар конкурсы сабақтардың 80%-ына қатысқандар арасында өтеді.

Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде zoom онлайн-платформасында 2020 жылдың 23 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында өтеді.

Жоба Қазақстандағы Германия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Медиатурға қатысуға өтініш беру үшін: https://bit.ly/3pAQ4On

Өтініш 20 қарашаға дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша: mediastana@gmail.com, 8 701 147 87 78 – Диляра

 

Поделиться:

Правовой медиа- центр

Казахстанская неправительственная организация, работающая в сфере масс-медиа, правовой защиты и обучения журналистов с 2003 года.

Правовой Медиа-центр © 2026. Все права защищены. Использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на lmc.kz