АСТАНА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ БҰҰ-НЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ БАЯНДАМАШЫСЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
5 апреля, 2019 - 11:22
АСТАНА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ БҰҰ-НЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ БАЯНДАМАШЫСЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Автор: Администратор
1137

АСТАНА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ БҰҰ-НЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ БАЯНДАМАШЫСЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Жедел үндеу жасауға таяудағы журналистерге қатысты сот қысымдары себеп болып отыр: 

«Құрметті Дэавид Кайе!

Қазақстандағы журналистерге қысым көрсетуге алаңдаушылық білдіргендер сізге үндеу жариялап отырмыз. Әңгіме "Настоящее время" порталының тілшісі Светлана Глушкова "Азаттық" радиосының тілшісі Сәния Тойкенге қатысты сот тергеулері жөнінде.

22 наурызда Светлана Глушкова Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты митинг туралы жариялаған болатын. Оқиға орнында оған құқық қорғау органдары өкілдері журналистің кәсіби міндетін атқаруға түрлі жолдармен кедергілер келтірді. Бір аптадан соң әуежайда "22 наурызда қыз баланы ұрды" деген айыппен тәртіп сақшылары Светлананы ұстады. Ұстау туралы хаттамалар түрлі заң бұзушылықтарға жол беріле отырып толтырылды. Оған Светлананың қорғаушылары куә.

2 сәуірде Астананың әкімшілік соты көптеген заң бұзушылықтарға жол бере отырып, журналисті кінәлі деп танып, 10 АЕК (шамамен 60 доллар) мөлшерінде айыппұл салды. Сот залында сот тергеу барысының ашықтығы қағидасы өрескел бұзылды: судья процестен Светлананы ғана емес, БАҚ өкілдері мен бақылаушыларды да шығарып жіберді.

11 наурызда полиция "Азаттық" радиосының журналисі Сәния Тойкенді де ұстады. Тілші оған дейін Жаңаөзен қаласында жұмыссыздардың мұң-мұқтажы туралы материалдар әзірлеген болатын. 12 наурызда Жаңаөзен әкімшілік соты Сәния Тойкенді "полиция қызметкерінің талабына мойынсұнбады" деп тауып, 20 АЕК (шамамен 130 доллар) мөлшерінде айыппұл салды. Журналист өзіне тағылған айыппен келіспейді. Мұның барлығы оқиғаны шынайы жеткізу үшін жасалған кедергі деп санайды. 2 сәуірде Маңғыстау облыстық соты журналист түсірген апелляцияны және айыппұл тағу жөніндегі шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Болып жатқан оқиғалар Қазақстандағы сөз бостандығы сын көтермейтінін көрсетіп отыр. Негізгі халықаралық қағидалар сақталмайды, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің 19 бабы жиі бұзылады. Бұл тәуелсіз журналистердің жұмыс істеуіне қауіп төндіреді, сонымен қатар азаматтық қоғамда үрей тудырып отыр. Осыған орай сізден Қазақстандағы жағдайды жіті бақылауға алуыңызды сұраймыз.

"ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ" ҚҚ, Диана Окремова, Гүлмира Біржанова

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ ҚОРЫ, Зәуреш Батталова

«DIGNITY» ҚОҒАМДЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ, Анар Ибраева

АДВОКАТ Бауржан Азанов